Қазақстан жастар құрамасы Болгарияға есе жіберді

1603

Келесі матч Өзбекстан құрамасына қарсы өтеді.

Қазақстан жастар құрамасы Болгарияға есе жіберді

Бүгін Қазақстан жастар құрамасы Түркияда өтіп жатқан "Antalya Cup" турнирі аясында Болгария құрамасынан 3:1 есебімен жеңілді.

Алғашқы таймда қос команда да гол соға алмады. Екінші кезең жерлестіріміз үшін сәтсіз басталды. 51-61 минут аралығында Болгария жастары үш бірдей гол соқты. Барлығы қақпашы Дінмұхаммед Жомарттың қателігінен басталды. Ол айып алаңында қарсыласынан айласын асырамын деп, нәтижесінде өз қақпасына гол соғылды. Содан кейін болгарлар тағы екі рет гол соқты. Ал 82-минутта Қазақстан жастар құрамасының капитаны Сұлтан Сағынаев пенальтиді сәтті орындады. Осылайша кездесу 3:1 есебімен, болгариялықтардың пайдасына аяқталды.

Негізгі құрам: Жомарт (қақпашы); Хаджиев, Қашкен, Зубайділдә, Асқаров, Иманғазиев, Бачек, Сағынаев (капитан), Буранчиев, Қараман, Скорых.

Қосалқы құрам: Устименко (қақпашы); Скворцов, Жұмаханов, Совет; Ульшин, Кеңесов, Прокопенко, Мұхамед.

Естеріңізге сала кетсек, алғашқы матчта Қайрат Нұрдәулетовтің шәкірттері Солтүстік Македония жастарын 2:1 есебімен жеңген болатын. Барлық голдар екінші таймда соғылды. 56-минутта Сағи Совет жастар құрамасы сапындаға дебюттік голын соқса, алаңға алмасып шыққан Абылайхан Жұмабек те алғашқы матчында алғашқы голын соқты.

Енді жастар турнирдегі келесі ойынын 29-наурыз күні Өзбекстан U-23 құрамасымен өткізеді. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-де басталады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу