Қазақстан жастар құрамасы Норвегияға есе жіберді

142

Әлем чемпионаты аясында топ-дивизион жолдамасы сарапқа салынады. 

Қазақстан жастар құрамасы Норвегияға есе жіберді

7–13 желтоқсан аралығында Словенияның Блед қаласында жасөспірімдер арасында хоккейден Әлем чемпионаты (IA дивизионы) өтеді. 

Қазақстан құрамасы Франция, Аустрия, Норвегия, Словения және Украина командаларымен бірге топ-дивизионға жолдама үшін бақ сынайды.

Оқу-жаттығу жиындарының алғашқы кезеңі 22 қарашада "Барыс-Аренада" басталып, команда кеңейтілген құрамда жаттығу өткізді. 29 қарашада команда Словенияға аттанып, турнирге дайындықты жалғастыруда.

Осы орайда хоккейден Қазақстан мен Норвегия жастар құрамалары арасындағы жолдастық ойын өтті. Матчта есеп екі команда тарапынан алма-кезек өзгеріп отырды. Кездесудің негізгі уақыты 3:3 есебімен аяқталды. Ал буллиттер сериясында қарсылас команда жеңіске жетті 3:4.

4 желтоқсан күні Антон Васиннің шәкірттері Словения құрамасына қарсы екінші жолдастық кездесу өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу