banner

Қазақстан жастары алғашқы кездесуді жеңілді

2687

Хоккейден Әлем чемпионатын бастаған жастар құрамасы Швейцарияға жеңілді. 

Қазақстан жастары алғашқы кездесуді жеңілді

2008 жылы Қазақстан жастар құрамасы Швейцарияны 3:1 есебімен жеңіп, элиталық топта тағы бір жылға қалған еді. Сол кезде кеткен есесін енді Швейцария құрамасы араға 11 жыл салып қайтарып отыр. "А" тобында сонымен қатар, Словакия, Финляндия, Швеция құрамалары да бар екенін айта кетуіміз керек. Топтағы 5 команданың 4-еуі келесі айналымға өтетіндігін ескерсек, онда ұлттық құрамамызда плэй-офф кезеңіне өтетін мүмкіндік бар деген сөз. Ол үшін тек бір кездесуде жеңіске жетсе болды. 

Кездесудің үшінші минутында Мэтью Вербун есеп ашты, алайда Максим Мусоров таразы басын теңестірді. Бірақ, бірінші период аяқталар тұста Жереми Гербер екінші шайбаны салып кетті. Екінші кезеңде Руслан Демин есепті қайта теңеп, әдемі салынған шайбаның авторы атанды. Ал кездесудің 31-минутында қақпашымыз Владислав Нурек өз қақпасына гол жіберіп алды. Дегенімен, екінші период тең аяқталды. Мусоров тағы бір шайба салып, дубль жасады. Үшінші кезеңде Швейцария құрамасы басымдылыққа ие болып, айдын иелері екендігін дәлелдеді. Қорытынды нәтиже 5:3, Швейцарияның пайдасына. 

Енді 27-желтоқсан күні Нұр-Сұлтан уақытымен 20-00-де Қазақстан (20) - Словакия (20) арасындағы матч өтеді. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу