"А" тобында ең соңғы орынды алған Қазақстан жастар құрамасы элиталық айналымда қалу үшін 2 жеңіске дейін созылатын өтпелі матч өткізуі тиіс еді. Сол кездесудегі қарсыласы бүгін анықталды. "В" тобында Ресей жастары Германияны ұтып, соның салдарынан неміс құрамасы тобында ең соңғы болды. Енді 2-қаңтар күні Қазақстан - Германия ойыны өтеді. Екі ойынды қатарынан жеңсе, Старыгин шәкірттері келер маусымда да элиталық айналымда өнер көрсететін болады.
Соңғы матчта бундес команда Ресей құрамасына 6-1 есебімен жеңілді. Ал Германия сапынан Нино Кендера бір шайба салды. Енді өтпелі ойындар 2, 4, 5 қаңтар күндері өтеді деп жоспарланған.
Ермұхамед Мәулен