Онда еліміз жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемі бойынша әлемнің ең ірі 50 экономикасының қатарында тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Халықаралық валюта қорының болжамына сай, 2026 жылы Қазақстанның есептік жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) шамамен 320 миллиард долларға жеткен. Осы көрсеткішпен еліміз Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет ретінде әлемнің ең ірі 50 экономикасының қатарына еніп отыр.
Жарияланған инфографикада Қазақстан орташа көлемдегі экономика санатына жатқызылған және Перу, Португалия, Финляндия сияқты елдермен қатар орналасқан.
Дүниежүзіндегі ең ірі экономикалар қатарында АҚШ (ЖІӨ – шамамен 31,8 трлн доллар) пен Қытай (20,6 трлн доллар) бар. Олардың көрсеткіші өзгелерден көш ілгері. Одан кейінгі орындарға Германия, Үндістан, Жапония және Ұлыбритания сияқты елдер жайғасқан.
Халықаралық валюта қорының болжамынша, 2026 жылы әлемдік экономиканың жалпы көлемі 123,6 трлн долларға жетуі тиіс.