Қазақстанан екі, Өзбекстаннан бір боксшы Олимпиадамен қош айтысты

352

Өзбекстан құрамасынан алғашқы боксшы жарысты аяқтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстанан екі, Өзбекстаннан бір боксшы Олимпиадамен қош айтысты Фото: sibdepo.ru

Бүгін Өзбекстанның әйелдер құрамасының бір боксшысы Олимпиадамен ерте қоштасты.

Атап айтсақ, 54 келіге дейін салмақта сынға түскен Нигина Уктамова жеңіліс тапты.

Оның 1/8 финалда Солтүстік Кореядан келген Чол Ми Панға шамасы жетпеді. Төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен кәріс боксшысының мықтылығын мойындады.

Осылайша, Өзбекстан құрамасынан алғашқы боксшысы жарысты аяқтады. Ал Қазақстаннан құрама капитаны Асланбек Шымбергенов пен Қамшыбек Қоңқабаев жарысты ерте аяқтап, елге қайтты.

Қыздардан тек Назым Қызайбай ғана шаршы алаңға шығып, алғашқы жекпе-жегін сәтті аяқтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу