Қазақстанда 1 шақырым жол салуға қанша қаражат жұмсалады?

3013

"ҚазАвтоЖол" елімізде жол салу шығынын есептеп берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда 1 шақырым жол салуға қанша қаражат жұмсалады? Фото: inbusiness.kz

Халықаралық және республикалық маңызы бар І техникалық санаттағы (қозғалысқа арналған 4 жолағы бар) 1 шақырым жолды салу және жаңғырту құны орташа есеппен 1,5-2 млрд теңгені құрайды екен.

ІІ техникалық санаттағы (қозғалысқа арналған 2 жолағы бар) 1 шақырым жолды салу және жаңғырту құны орта есеппен 1-1,2 млрд теңге болады.

Еуропа елдерінде І техникалық санаттағы жолдың 1 шақырымына орташа есеппен – 3,5 млрд теңге, яғни Польшада – 3,5 млрд теңге, Германияда – 3,8 млрд теңге, Австрияда 5,5 млрд теңге жұмсалады.

Қытай І техникалық санаттағы 1 шақырым жол үшін – 12 млрд теңгеге, Ресей – 3 млрд теңгеге шығындалады.

Бұл Қазақстандағы қаржыдан 2 есе көп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу