Қазақстан футбол федерациясы FIFA бастамасымен іске асырылатын FIFA Arena жобасына қатысатын 11 елдің қатарына енді. Жоба аясында еліміздегі мектептерде 100 заманауи шағын футбол алаңы салынады.
Әр алаңның көлемі 20 х 40 метрді құрайды және ФИФА-ның техникалық талаптарына толық сай болады. FIFA Arena әлем бойынша 1000 мектепке осындай инфрақұрылым орнатуды көздейді.
Алаңдарда экологиялық таза, резеңке ұнтақсыз жасанды жамылғы қолданылады. Бұл – балалар үшін қауіпсіз әрі күтіп-баптауға ыңғайлы шешім.
Мектептер тізімін ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекітеді. Құрылысты аяқтау мерзімі – екі жыл, алғашқы алаңдар Хромтау мен Көкшетауда пайдалануға беріледі.