Нұрлыбек Нәлібаев теміржол вокзалдарын жаңғырту бойынша тапсырмалар берді

136

Қазірдің өзінде 71 вокзал жаңартылып, пайдалануға берілді. Қалған нысандардағы жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жалғасып жатыр.  

Нұрлыбек Нәлібаев теміржол вокзалдарын жаңғырту бойынша тапсырмалар берді Фото: kaz.inform.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен 124 теміржол вокзалын жаңғырту және реконструкциялау мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жиынға облыс әкімдері, Көлік, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшылығы қатысты.

Кеңесте теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстарының барысы талқыланды. Бүгінде 71 нысан пайдалануға берілген. Қалған вокзалдарда құрылыс және жаңғырту жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Абай облыстарындағы жобалардың іске асырылу барысы бойынша әкімдердің есептері тыңдалды.

Кеңес барысында нысандарды салу және жаңғырту мерзімдерін сақтау, жұмыстардың сапалы орындалуы, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен мердігер ұйымдар арасындағы үйлестіруді күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жиын қорытындысында Нұрлыбек Нәлібаев жауапты мемлекеттік органдарға теміржол нысандарын пайдалануға беру мерзімдерін сақтауды және құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына бақылауды күшейтуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу