Қазақстанда 2 Қытай банкінің өкілдігі ашылуы мүмкін

2584

Қытайлықтар рұқсат күтіп отыр. 

Қазақстанда 2 Қытай банкінің өкілдігі ашылуы мүмкін

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында өткен қазақ-қытай форумында айтылды. 

"Дәл қазір біз Қазақстанның рұқсатын күтіп отырмыз. Оң шешім қабылданса, сіздердің елдеріңізде World United Bank және Asia Pacific Monetary Investment Bank атты екі қаржы институтының өкілдігі ашылады", – деді жоғарыда аты аталған банктердің төрағасы Фэн Сяншань.

Оның сөзінше, бір банк ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруды, екінші банк көпшілікке қызмет көрсетуді көздеп отыр. 

"Біз Қазақстанды сенімді серіктес деп білеміз. Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық байланыс Ұлы Жібек жолынан бастау алып, күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Қаржы нарығындағы байланысымызды нығайту үшін Қазақстанда 2 Қытай банкінің өкілдігін ашқымыз келеді. Қытай тарапы барлық ұйымдастыру жұмысын өз мойнына алады. Бізге Қазақстанның рұқсаты ғана қажет", – деді Фэн Сяншань.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу