Министрдің сөзінше, осы мәселе бойынша жыл басынан бері келіссөздер жүріп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Жыл басынан бері UFC турнирін өткізуге байланысты бірнеше рет келіссөз жүргізіп, кездесулер өткіздік. Қазір де келіссөздер жүруде. Нақты шешімнің нәтижесі осы айдың соңында белгілі болмақ. Қажетті жұмыстардың бәрі атқарылды, ай соңында қорытындысын жариялаймыз", – деді министр Ербол Мырзабосынов.
Айта кетейік, бұған дейін 2020 жылы Астанада UFC турнирін ұйымдастыру жоспарланғанымен, пандемия салдарынан жүзеге аспаған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу