Қазақстанда 2030 жылға қарай 74 млрд текше метр газ өндіру жоспарлануда

651

Бұл туралы энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

Қазақстанда 2030 жылға қарай 74 млрд текше метр газ өндіру жоспарлануда Фото: canva.com

Вице-министрдің айтуынша, шикі газ өндіру артады. Былтыр 59 млрд текше метр өндірілсе, биыл 62,8 млрд текше метр жоспарлануда.

Бұған жұмыс істеп тұрған алпауыт кен орындарының (Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған) жұмысы Рожковское, Анабай және Өріктау сияқты жаңаларын енгізу де ықпал етеді.

"Біздің мақсатымыз – 2030 жылға қарай газ өндіруді 74 млрд текше метрге жеткізу. Бірақ басты міндет – азаматтарымызды және өнеркәсіпті қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ газ химиясының шикізат базасын құру үшін ел ішінде газды барынша тиімді өңдеу", – деді энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов.

Сонымен қатар, ол 4 жаңа газ өңдеу зауытын (ГӨЗ) салу, магистральдық инфрақұрылымды кеңейту және мұнай-газ химиясын дамыту бойынша нақты қадамдар туралы айтып берді.

Төрт жаңа МӨЗ салу жоспарлануда:

  • Қашағандағы зауыттың екі кезегі (жалпы жылына 3,5 млрд м3),
  • Қарашығанақтағы зауыт (жылына 4 млрд м3)
  • Жаңаөзендегі Жаңа ҚазГӨЗ (жылына 0,9 млрд м3).

Сонымен қатар, "Бейнеу – Бозой – Шымкент" газ құбыры, "Ақтөбе – Қостанай" және "Талдықорған – Үшарал" газ құбырының екінші желісін салу жөніндегі жоспарларды қоса алғанда, газ тасымалдау жүйесі дамитын болады. Өңірлерді газдандыру жалғасады (қазіргі деңгей – 62,4%).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу