Қазақстанда 5 ғылыми-өндірістік орталық құрылады

417

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінен мәлім етті.  

Қазақстанда 5 ғылыми-өндірістік орталық құрылады Фото: freepik

Инженерлік білім мен ғылымдағы жаңа технологиялардың ғылыми-зерттеу хабы құрылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"2029 жылға дейінгі Жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасында "Университет ғылымы" бөлімі көзделген. Онда негізгі назар үш негізгі бағытқа шоғырландырылады: ғылыми-технологиялық және инжинирингтік парктер құру; университеттер мен ғылыми ұйымдарды интеграциялау; эндаумент-қорларды қалыптастыру. Бірінші бағыт аясында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарls іске асыратын ғылыми ұйымдарды, ЖОО, кәсіпорындарды трансформациялау жолымен бес ғылыми-өндірістік орталық құрылады. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің даму бағдарламасы аясында инженерлік білім мен ғылымдағы жаңа технологиялардың ғылыми-зерттеу хабы құрылатын болады. Мемлекет басшысының ҚР Ұлттық ғылым академиясының мерейтойлық сессиясында берген тапсырмасы аясында ғылыми зертханалар мен тәжірибелік-сынақ инфрақұрылымын дамытуға мақсатты гранттар бөле отырып, университеттер жанындағы ғылыми-технологиялық парктерді қолдау бағдарламасы әзірленіп, іске асырылады. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында конструкторлық бюролардың, инжинирингтік орталықтардың, бизнес-инкубаторлардың, инновациялық орталықтардың, технологияларды коммерцияландыру мен трансферттеудің өңірлік орталықтарының, жобалық конструкторлық бюролардың және инфрақұрылымның басқа да элементтерінің жұмыс істеуі үшін университеттер жанындағы ғылыми-технологиялық парктер мен инжинирингтік орталықтарға қолдау көрсету мәселелері пысықталуда", - деп деді ведомство өкілдері.

Сондай-ақ,  екінші бағыт бойынша ҒЗИ мен университеттердің жетекші әлемдік ғылыми орталықтармен әріптестігін нығайту арқылы отандық ғылымды халықаралық ғылыми кеңістікке интеграциялау күшейтіледі.

Жетекші ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарында докторанттар мен магистранттардың тағылымдамадан өту тәжірибесі де кеңеюде. Диссертациялық кеңестерге ҒЗИ ғалымдары қатысады. 

"Үшінші бағытты іске асыру елімізде университеттер жанындағы эндаумент-қорлар мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Ол үшін эндаумент-қорларды реттеу жөніндегі Заң жобасының тұжырымдамасы әзірленді. Эндаумент-қорларға және оларды басқаруға қайырымдылық жасау үшін салықтық ынталандыруды енгізу бойынша ұсыныстар әзірленді. Жоғарыда аталған үш бағыт бойынша іс-шараларды табысты іске асыру Scimago рейтингінде қазақстандық ҒЗИ мен жоғары оқу орындарының санын арттыруға ықпал ететін болады", - деді министрліктен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу