Ресми! Қазақстанда АЭС салынатын болды

839

АЭС салу мәселесі бойынша референдумның түпкілікті нәтижесі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ресми! Қазақстанда АЭС салынатын болды Фото: canva.com

Референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан азаматтарының жалпы саны 12 миллион 284 мың 487 адамды құрады.

АЭС салуға келіскен адамның саны 5 миллион 561 мың 937 болды, яғни 71,12 пайыз.

Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 миллион 820 мың 204 адамды немесе референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 63,66 пайызын құрады.

Осылайша, референдум өтті деп саналады. Референдумға шығарылған мәселе бойынша оң шешім қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу