Қазақстанда АЭС-тің пайда болуы ел экономикасының жаңа деңгейге көшкенін білдіреді – Президент

Президенттің пікірінше, әлемде қуат көздеріне қызу тартыс жүріп жатыр.

Қазақстанда АЭС-тің пайда болуы ел экономикасының жаңа деңгейге көшкенін білдіреді – Президент Фото: Ақорда

Сол себепті, атом станциясының құрылысын бастау туралы стратегиялық шешім әрқашан маңызды болып қала бермек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Мемлекет басшысы АЭС салу болашақта еліміздің энергетикалық келбетін түбегейлі өзгертіп, экономикамызды қайта құруға ықпал ететінін жеткізді. 

– Балқаш атом электр станциясының құрылысы, одан кейінгі салынатын екінші АЭС Қазақстанның энергетикалық әлеуетін арттыратыны сөзсіз. Сондай-ақ, ядролық энергетика сияқты маңызды салада жаңа бағыттардың дамуына септігін тигізетін болады. Қазақстанның энергетикалық картасында атом станциясының пайда болуы ел экономикасының жаңа әрі сапалы деңгейге көшкенін білдіреді. Жалпы, дүниежүзінде болып жатқан ауқымды өзгерістердің энергетика саласына ықпал ететіні сөзсіз. Әлемде қуат көздеріне қызу тартыс жүріп жатыр десек, артық болмайды. Бұған сақадай сай дайын болғанымыз жөн. Мемлекет энергетика мамандарының жаңа буынын даярлап, осы саланың әлеуетін арттыра береді, – деді Президент.

Осыған дейін Мемлекет басшысы "Тұрақты қуат көзі болмаса, қуатты мемлекет құру мүмкін емес" деп мәлімдеген болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу