Қазақстанда әйгілі испаниялық "Атлетико Мадрид" футбол клубының академиясына балаларды іріктеу басталды

155

Академия Алматы облысында осы жазда есігін айқара ашады.

Қазақстанда әйгілі испаниялық "Атлетико Мадрид" футбол клубының академиясына балаларды іріктеу басталды

Өткен демалыс күндері Астанадағы "Футбол Үйі" манежінде 2012 және 2013 жылы туған 800-ден астам бала мадридтік клубтың мамандарына өздерінің футбол шеберліктерін көрсету мүмкіндігіне ие болды. 

Іс-шара балалар, ата-аналар және бүкіл футбол қауымдастығы арасында үлкен қызығушылық тудырды.

Қаралымдар толықтай тегін өтті, ал балаларға арнайы осы шараға арналған футбол формасы табысталды.

Алдағы екі айда осындай іріктеулер Қазақстан мен Орталық Азияның басқа ірі қалаларында да өтеді. Нәтижесінде 100-ден астам бала академияда оқуға шақырту алады. Бұл академия интернат ретінде жұмыс істейді: балаларға тұру, тамақтану, жалпы білім беретін мектеп болады. Оған қоса испаниялық әдістеме бойынша жаттығулар өтеді.

Бұл әлеуметтік жоба елдегі балалар мен жасөспірімдер футболын дамытумен қатар, саналы азаматтарды тәрбиелеуге де бағытталған. Астана қаласында қаралым 10-11 мамыр күндері өтті. Іріктеу еліміздің басқа да қалаларында жалғасын табады. Атап айтқанда: 

Ақтау: 31 мамыр – 1 маусым
Шымкент: 17-18 маусым
Алматы: 28-29 маусым
Сондай-ақ Ташкент қаласында да 21-22 маусым күндері іріктеу өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу