Қазақстанда әлемдегі ең үздік VAR жүйесі енгізіледі

141

 Жобаны енгізу шығындары ФИФА қаражаты есебінен қаржыландырылады.

Қазақстанда әлемдегі ең үздік VAR жүйесі енгізіледі

Елімізде Hawk-Eye VAR жүйесін енгізілмек. Бұл футбол матчтарында төрешілерге даулы сәттерді бейнеқайталау арқылы дәл әрі әділ шешуге көмектесетін ең сенімді жүйелердің бірі.

Hawk-Eye VAR жүйесі бүгінде әлем чемпионаты, Еуропа чемпионаты, Чемпиондар лигасы, сондай-ақ Англия Премьер-лигасы мен Италияның Серия A сияқты жетекші футбол лигаларында кеңінен қолданылады.

Келіссөздер нәтижесінде жобаның құны оңтайландырылып, бастапқы ұсыныстармен салыстырғанда 1,1 миллион АҚШ долларынан астам қаражат үнемделді.

Жоба аясында VAR технологиясы ФИФА мен УЕФА талаптарына толық сай орнатылады. Матчтарда офсайдты анықтауға арналған нақты сызықтар қолданылып, барлық қажетті техникалық жабдықтар іске қосылады. Сонымен қатар VAR жүйесінде жұмыс істейтін төрешілер мен мамандар арнайы оқытудан өтеді.

Бұл жүйе Қазақстандағы төрешілік сапасын арттырып, футбол матчтарының әділ әрі сапалы өтуіне мүмкіндік береді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу