Қазақстанда алғаш рет тақтатас мұнайының өндірісі басталады

387

Қашаған мен Жаңаөзенде Газ өңдеу зауыттарының құрылысы жалғасып жатыр.

Қазақстанда алғаш рет тақтатас мұнайының өндірісі басталады Фото: canva.com

Премьер-министр Олжас Бектенов биыл жүзеге асырылатын жобаларға тоқталды, хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"2024 жылы ҚазМұнайГаз Қызылорда, Атырау және Ақтөбе облыстарында төрт жоба бойынша бұрғылау жұмыстарын бастады. Бұл жобалардың жиынтық геологиялық ресурстары мұнай эквиваленті бойынша  800 млн тоннадан асады. Биыл алғашқы қазақстандық тақтатас мұнайы өндіріледі деп күтілуде. Бұл мұнай мен газ саласына инвестициялар тарту үшін қосымша серпін береді.  Шикізат қоры шамамен 19 млрд текше метр газды құрайтын "Батыс Прорва" және "Барханная" кен орындарында газ өндіру басталады. Қарағанды облысында жерде сирек кездесетін металдардың 17 түрі бар ірі кен орны табылды. Сонымен қатар осы Қарағанды облысында электромобильдерге арналған батареялар өндірісінде қолданылатын графит концентратын өндіру бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр", –деді Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Оның хабарлауынша, Қашаған мен Жаңаөзенде Газ өңдеу зауыттарының құрылысы жалғасып жатыр.

"Қашағандағы екінші газ өңдеу зауыты мен Қарашығанақтағы Газ өңдеу зауытының жобалау жұмыстарын бастау үшін инвестициялық шешімдердің қабылдануын күтіп отырмыз",  деді Үкімет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу