Қазақстанда алғаш рет WTA 250 теннис турнирі өтеді

1510

Елімізде өтетін WTA 250 турнирі әлемнің 70-тен астам елінде көрсетіледі.

Қазақстанда алғаш рет WTA 250 теннис турнирі өтеді

Бір айдан кейін елімізде Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) ірі жарысы өтеді. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі. 2021 жылдың 26 ​​қыркүйегі мен 2 қазаны аралығында Нұр-Сұлтандағы Ұлттық теннис орталығында әйелдер арасында әлемнің теннис жұлдыздары жарыстың бас жүлдесі мен 250 рейтингтік ұпай үшін таласады. Спорттық шара 70-тен астам елде көрсетіледі. 

"Бұл ауқымды шара болмақ. Екі апта бойы әлем теннисінің назары Қазақстанға ауады. Өйткені алдымен ерлер арасында ATP 250 турнирі өтеді. Содан кейін бірден әйелдер арасында WTA 250 турнирі басталады. Біз әлем теннисшілері мен жанкүйерлерін ұмытылмас жақсы әсерге бөлеу үшін бар күшімізді саламыз", - дейді Astana Open WTA 250 турнирінің директоры Питер Джонстон.

Әйелдер арасындағы турнирдің негізгі кезеңіне Қазақстан құрамасының барлық көшбасшылары қатысады. WTA 250 басталмас бұрын Нұр-Сұлтанда Қазақстан чемпионаты өтеді. Жеңімпаздар негізгі кезеңге wild card алады, ал финалистер іріктеу ойынына қатысады.

Сондай-ақ Қазақстан чемпиоанатынан кейін Ұлттық теннис орталығының корттарында 19-26 қыркүйекте Astana Open ATP 250 халықаралық турнирі өтеді. Бұл жарысқа Михаил Кукушкин, Андрей Голубев пен Александр Недовесов сияқты еліміздің ең мықты деген теннисшілері қатысады. Коронавирус пандемиясына байланысты Astana Open турнирін корттан ересектер тамашалай алмайды. Дегенмен балалар үшін тамаша жаңалық бар. Олар ПТР тест тапсырған соң, теннис жұлдыздарының өнерін корттан тамашалай алады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу