Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы ресми түрде басталды

293

Алдын ала есеп бойынша, жоба құны 14-15 млрд долларды құрайды. 

Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы ресми түрде басталды Фото: Еламан Тұрысбеков / Kazinform

Қаржы Ресейдің экспорттық несиесі есебінен тартылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматы облысы Үлкен ауылы маңында өткен құрылыс бастау рәсіміне Атом энергетикасы агенттігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев, "Росатом" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачёв және басқа да ресми тұлғалар қатысты.

Жоба аясында топырақ үлгілерін алу үшін бұрғылау жұмыстары басталды. Бұл үлгілер капсулаға салынып, зерттеу жүргізу үшін Ресейге жіберіледі.

Айта кетейік, екінші АЭС-ті қытайлық CNNC компаниясы салмақ. Оның орналасатын орны биыл күзде белгілі болады. Үшінші станцияны да CNNC салуы ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу