Қазақстанда аттракциондар мен аквапарктер сақтандырылуға тиіс

5492

Сақтандыру қайғылы оқиғаның алдын ала алмайды, бірақ та сақтандыру төлемдер денсаулықты қалпына келтіруге мүмкіндік береді және зардап шеккендерге келтірілген зиянды жартылай болсын жабады.

Қазақстанда аттракциондар мен аквапарктер сақтандырылуға тиіс

Батыста әр түрлі аттракциондарға, мұз айдындарына, аквапарктерге, картингтерге және т. б. баруға арналған кіру билетін сатып ала отырып, әрбір келуші сақтандыру шарты жасалған сақтандыру компаниясы жауапты болатын қиындықтар мен жарақаттардан автоматты түрде сақтандырылатындығын көпшілігі  біле бермейді.

Күтпеген жағдайларға ақаулы жабдықтар мен адамдардың әуесқойлығынан бастап, сыртқы факторлармен, мысалы, ауа-райы жағдайларымен аяқталатын барлық жағдайларды жатқызуға болады. Сақтандыру қайғылы оқиғаның алдын ала алмайды, бірақ та сақтандыру төлемдер денсаулықты қалпына келтіруге мүмкіндік береді және зардап шеккендерге келтірілген зиянды жартылай болсын жабады, деп отыр "Евразия" Сақтандыру компаниясы" АҚ баспасөз қызметі.

"Соңғы бірнеше жыл ішінде ойын-сауық іс-шаралары кезінде аттракциондарда кем дегенде ондаған қайғылы оқиға орын алды, олардың нәтижесінде адамдар жарақат, күйік, созылу, сыну және ауыр жарақаттар сияқты түрлі ауыр жарақаттар алды. Кейбір осындай оқиғалардан кейін зардап шеккендер күрделі және ұзақ емдеуден өтіп, өздерінің жауапкершілігін сақтандыруға орынсыз деп санаған ойын-сауық орындарының иелерінен сот арқылы өтемақы алуға мәжбүр болады",– деп түсіндірді "Евразия" СК атқарушы директоры Шәкір Иминов.

"Қазақстанда өрт, су басу, апат және т.б. келтірілген шығын сияқты түрлі тәуекелдерден сақтандыруды ресімдеу – бұл шығынды екенін түсінеміз. Алайда, мұндай орындардың иелерінің үшінші тұлғалардың алдындағы жауапкершілігі, адамдар зиян келтірген жағдайда лайықты өтемді алуды үйренуі үшін сақтандырылуы тиіс деп есептейміз. Егер басқа елдерде сақтанатын болса – неге бізде сақтануды қаламайды? Бүгінгі таңда "Евразия" СК Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең заманауи аквапаркті – Вьетнамда орналасқан Typhoon аквапаркін қайта сақтандыруға қатысуда, алайда Қазақстанда аквапарктарды, аттракциондарды және басқа да саябақтарды қуана сақтандырар еді", – деп тұжырымдады Иминов мырза.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу