Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын өндіру 22,3%-ға артты

320

Бұл ақпаратты Ұлттық статистика бюросы таратты.  

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын өндіру 22,3%-ға артты Фото: primeminister.kz

Елімізде былтыр ауыл шаруашылығы техникасын өндіру көлемі бір жылда 22,3%-ға артты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бюро мәліметінше, елімізде ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы техникасын өндірумен айналысатын 40 кәсіпорын мен өндіріс бар. Өндіріс құрылымындағы негізгі үлес – 72,5% ауыл шаруашылығы машиналарына тиесілі.

2025 жылы Қазақстанда 1236 астық жинайтын комбайн шығарылды. Бұл 2024 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 13,7%-ға көп.

Өңірлер арасында комбайн өндірісінің 47,9%-ы Ақмола облысына тиесілі. Қостанай облысының үлесі – 32%, Солтүстік Қазақстан облысының үлесі – 18%.

– 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында 9 астық жинайтын комбайн экспортталды. Жыл қорытындысы бойынша экспорт көлемі 16 бірлікті құрады. Астық жинайтын комбайндардың негізгі экспорттық бағыттары Тәжікстан, Грузия және Өзбекстан болды, – делінген Ұлттық статистика бюросының ақпаратында.

Өндірушілер алдағы кезеңде Қазақстанда шығарылатын ауыл шаруашылығы техникасының экспорт көлемін одан әрі арттыруды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу