Әлемдегі бензиннің орташа құны литріне 1,29 доллар (шамамен 585 теңге) құрайды.
"Әр түрлі елдер арасында бағаның айтарлықтай айырмашылығы бар. Әдетте, бай елдерде жанармай бағасы жоғары, ал кедей елдер мен мұнай өндіретін және экспорттайтын елдер бензинді айтарлықтай төмен бағамен сатады.
Жалғыз ерекшелік - АҚШ - экономикалық жағынан дамыған, жанармай бағасы төмен ел. Сонымен қатар әртүрлі елдердегі құн айырмашылығына салықтар немесе халық үшін бензин құнын субсидиялау да әсер етеді", - деп түсіндірді globalpetrolprices сарапшылары.
Басылымның мәліметінше, ең арзан бензин Иранда – $0,029 (шамамен 13 теңге), Ливияда – 0,031 доллар (14 теңгеден сәл астам) және Венесуэлада – 0 0,035 (литріне 16 теңге) сатылады.
Төртінші және бесінші орындарда Алжир мен Кувейт тұр, онда бензин құны 0,342 доллар немесе 155 теңге, алтыншы орында Ангола ($0,361 немесе 164 теңге), жетінші орында – Египет (0,405 доллар немесе 183 теңге), сегізінші орында – Түрікменстан (0,428 доллар немесе 194 теңге), тоғызыншы орында - Малайзия ($0,441 немесе 200 теңге), оныншы - Бахрейн (0,531 доллар немесе 241 теңге).
ТМД елдерінің ішінде Әзербайжан – 15 орын ($0,588 немесе 267 теңге), Ресей – 16 орын ($0,606 немесе 275 теңге), Беларусь – 21 орын ($0,715 немесе 324 теңге), Өзбекстан-50 орын ($1,116 немесе 506 теңге).
АҚШ-та бір литр бензиннің құны $0,897 немесе 407 теңгегемен 31-орында.
Ең қымбат отын Исландияда тіркелген, 166-орында ($2,295 немесе 1041 теңге), Монако 167-орында (2,332 доллар немесе 1058 теңге) және Гонконгта - 168 орын ($3,099 немесе 1405 теңге).
Түрікменстан бензин бағасы ең төмен елдер арасында әлемде сегізінші орында, мұнда бір литр $0,428 тұрады. Бұл - ТМД мемлекеттері арасында рекордтық көрсеткіш.
Global petrol prices мәліметтері бойынша, Орталық Азиядағы ең қымбат отынды Өзбекстаннан табуға болады ($1,113). Қазіргі уақытта әлемдегі ең арзан бензин Иранда, ал ең қымбаты Гонконгта. Бүкіл әлем бойынша бензиннің орташа бағасы- 1,29 доллар.
Барлық елдер халықаралық нарықтарда бірдей мұнай бағасына қол жеткізе алады, бірақ содан кейін әртүрлі салықтарды енгізеді. Нәтижесінде бензиннің бөлшек сауда бағасы әртүрлі.
Ең арзан бензин бағасы бойынша ондық мынадай:
1. Иран: литріне - 0,029 доллар.
2. Ливия: литріне - 0,031 доллар.
3. Венесуэла: литріне - 0,035 доллар.
4. Алжир: литріне - 0,342 доллар.
5. Кувейт: литріне - 0,342 доллар.
6. Ангола: литріне - 0,361 доллар.
7. Египет: литріне - 0,405 доллар.
8. Түрікменстан: литріне - 0,428 доллар.
9. Малайзия: литріне - 0,441 доллар.
10. Бахрейн: литріне - 0,531 доллар.
2023 жылғы 14 тамызда Қазақстанда бензин мен дизельді автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салды.