Қазақстанда білімге деген мемлекеттік көзқарас өзгерді – Жұлдыз Сүлейменова

Еліміздің бас педагогы қазақстандықтарды 1 қыркүйек – Білім күні мерекесі және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.   

Қазақстанда білімге деген мемлекеттік көзқарас өзгерді – Жұлдыз Сүлейменова Фото: dknews.kz

Оқу-ағарту министрлігі ресми парақшасында арнайы бейнежазба жариялаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Биылғы оқу жылы еліміз үшін маңызды тарихи кезеңде басталып отыр. Күшіне енген жаңа Конституция адам капиталын, білім, ғылым, инновацияны дамытуды мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде айқындады. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ерекше қолдауымен жүзеге асырылған іргелі реформалардың нәтижесінде білім саласында шешімін тапқан нақты әрі кешенді нәтижелер еліміздегі адам капиталының дамуына негіз болуда.

Білім саласының алдында тұрған негізгі міндет – отаншыл, білімпаз, еңбекқор, елге жаны ашыр, заң мен тәртіпке бағынатын адал азамат тәрбиелеу. Осы тұрғыда жастардың бойында қоғамдық әдепті, жауапкершілік пен өзара құрмет мәдениетін сіңірудің орны ерекше. 

Бүгінде елімізде білімге деген мемлекеттік көзқарас өзгерді. Білім – ел болашағына салынған стратегиялық инвестицияға, ал ұстаздарымыз мемлекетіміздің адам капиталын қалыптастыратын негізгі тұлғаға айналды, – дейді еліміздің бас педагогы.

Биыл 8 мыңға жуық орта білім беретін мектепте 4 миллионнан астам бала білім алуды бастады. Ал 280 мыңға жуық бүлдіршініміз алғаш рет мектеп табалдырығын аттап отыр. 

Ақорда

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу