Қазақстанда былтыр 99,5 млн тонна мұнай өндірілді

236

Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне орай жолдаған құттықтауында айтты.

Қазақстанда былтыр 99,5 млн тонна мұнай өндірілді Фото: canva

Министрдің сөзінше, өткен жыл мұнай-газ саласы үшін рекордтық көрсеткіштермен ерекшеленген. Сонымен қатар, елдегі мұнай өңдеу зауыттарында 18,4 млн тонна мұнай өңделген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Әрбір тонна мұнай мен әрбір текше метр газдың артында үлкен еңбек, жауапкершілік пен жоғары кәсібилік тұр. Күн сайын сіздер кәсіпорындардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып келесіздер", – деді Ерлан Ақкенженов.

Оның айтуынша, Қазақстан мұнай өндірумен ғана шектелмей, мұнай-газ химиясы мен газ саласын да кешенді түрде дамытып келеді. Бұл бағытта жаңа өндірістер ашылып, жұмыс орындары құрылуда.

Бүгінде Қазақстандағы газдандыру деңгейі 64 пайыздан асты. Табиғи газбен 13 млн-нан астам азамат қамтамасыз етілген.

Министр алдағы негізгі міндеттердің бірі – ел тұрғындарын газбен толық қамтамасыз ету екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Ерлан Ақкенженов мұнай-газ саласының ардагерлеріне және қазіргі уақытта кен орындары мен зауыттарда еңбек етіп жүрген мамандарға алғыс білдіріп, кәсіби мерекемен құттықтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу