2025 жылдан бастап мемлекеттік бюджетті жоспарлау аясында жасанды интеллектіні қолдану жоспарланып отыр.
"Мемлекеттік жоспарлауда жасанды интеллект қолданылмады. Бүгінгі Үкімет отырысында салалық жасанды интеллектінің дамитыны айтылды. Қаржы министрлігі бұл мәселені зерттеп, кірістер мен шығыстарды жоспарлау кезінде деректерді жүктеуді жоспарлап отырмыз, яғни белгілі бір кірістер мен шығыстарды болжау кезінде жасанды интеллектіні пайдалану", – деп жауап берді Ә. Тұрысов.
Ведомство өкілінің айтуынша, мемлекеттік жоспарлау саласына жасанды интеллектіні енгізу 2025 жылға жоспарланған.
"Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп енгізетін боламыз. Бюджетті жоспарлау кезінде, бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде деректерді жылдам жіберу тұрғысында қолданылады. Бұл жұмыс бүгінде қолмен жасалады немесе талдаушылар деңгейінде ғана талқыланады", – дейді ол.