Қазақстанда eGov GPT цифрлық ассистенті арқылы мемлекеттік қызметтер саны 3 есе артады

265

Электрондық үкімет порталы толығымен жаңғыртылып, жаңа eGov 3.0 платформасына көшірілді.

Қазақстанда eGov GPT цифрлық ассистенті арқылы мемлекеттік қызметтер саны 3 есе артады Фото: Үкімет

Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов мемлекеттік органдардың алдына толыққанды цифрлық экожүйені қалыптастыра отырып, мемлекеттік қызметтер жүйесін одан әрі трансформациялау және мемлекеттің азаматтар мен бизнеспен өзара іс-қимылының проактивті моделіне көшу міндетін қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мемлекет басшысы ел өмірінің әр саласына, бірінші кезекте, азаматтарға және бизнеске мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде озық технологиялар мен жасанды интеллектіні жаппай енгізу міндетін қойды. Жасанды интеллект құралдарын шешім қабылдау үдерістерімен ықпалдастырып қана қоймай, олардың көмегімен мемлекеттік қызметтер көрсетудің толыққанды цифрлық экожүйесі қалыптасуға тиіс. Бұл ретте мемлекет пен азаматтың өзара іс-қимыл моделі одан әрі де шешімдерді проактивті түрде қабылдау қағидатына негізделуі қажет", – деп атап өтті Премьер-министр Үкімет отырысында.  

Сондай-ақ бүгінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласы цифрландырудың жоғары деңгейіне жеткені туралы айтылды.

"Электрондық үкімет" порталы толығымен жаңғыртылып, жаңа eGov 3.0 платформасына көшірілді. Енді мемлекеттік органдар артық қадамдар мен құжаттарды алып тастап, өз қызметтерін осы платформа арқылы көрсетуді қамтамасыз етуге тиіс. Қазірдің өзінде eGov GPT цифрлық ассистентіНің диалог терезесі арқылы 50 қызмет қолжетімді. Ол қажетті өтінімді өзі рәсімдеп, дайын нәтижесін ұсынады. Жасанды интеллект министрлігіне мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жылдың соңына дейін цифрлық ассистент арқылы көрсетілетін қызметтер санын 150-ге дейін арттыруды тапсырамын", – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу