Қазақстанда қаңтарда іскерлік белсенділік жақсарды

298

Барлық секторда сұраныс динамикасында жақсару үрдісі байқалып отыр. 

Қазақстанда қаңтарда іскерлік белсенділік жақсарды Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Қазақстанда қаңтарда іскерлік белсенділік жақсарды. Бұл туралы Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалин мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2026 жылғы қаңтарда іскерлік белсенділік жақсарып, оң аймаққа оралды – 50,8 (2025 жылғы желтоқсанда – 49,9). Қызмет көрсету секторында белсенділік жақсарғаны сезіледі, онда индекс 52,1 болып, өсу аймағына ауысты (2025 жылғы желтоқсанда – 49,0). Ал өндіріс пен саудада индекс өсу аймағында қалып, 50,8 және 50,3 болды (2025 жылғы желтоқсанда – 52,0 және 51,3). Құрылыста 47,1 көрсеткішімен индекс жақсарғанына қарамастан, төмендеу аймағында қалып отыр (2025 жылғы желтоқсанда – 45,4), тау-кен өндіру секторында көрсеткіш 49,1-ге (49,4) дейін төмендеді", – деді Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалин.

Бизнес жүргізудің бүгінгі жайы мен келешек жағдайын бағалау көрсеткіші төмендегендіктен, бизнес-ахуал индексі өткен айда 4,4-ті құрады. 2025 жылғы желтоқсанда бұл көрсеткіш 5,2 болған. Бизнес-цикл "сағатының" индикаторы көтерілу мен өсу аймағының шекарасында орналасты.

Барлық секторда сұраныс динамикасында жақсару үрдісі байқалады, тек өндіріс саласында ғана өсім қарқыны біршама баяулады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу