Қазақстанда қасқырларды атуға рұқсат берілді

Жануарларды аулауға рұқсат жыл соңына дейін ғана жарамды. 

Қазақстанда қасқырларды атуға рұқсат берілді Фото: canva.com

Ал рұқсат алу процесі толығымен автоматтандырылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

2025 жылдың 15 қаңтары сағат 10:00-ден бастап қасқыр мен шибөрінің санын реттеу мақсатында арнайы рұқсат алуға болады. Бұл жануарларды аулауға рұқсат 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды болмақ. 

Жануарларды аулау тек үй жануарларына шабуыл жасалғаны расталған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Қасқыр мен шибөріні аулауға рұқсат алу Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №347 бұйрығымен бекітілген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

– Биологиялық негіздемеге сәйкес, Қызылорда облысы аумағында 2025 жылғы 15 қаңтарда сағат 10:00 бастап қасқыр мен шибөрі жануарларының санын реттеуге рұқсат алу мүмкіндігі қолжетімді болады.

Әзірленген биологиялық негіздеменің негізінде Қызылорда облысының аумағында қасқыр және шибөрі аңдарының санын реттеуге бөлінген лимитке сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет электрондық (толық автоматтандырылған) нысанда көрсетіледі, – деді Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Р.Бурабаев. 

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жануарлар санын реттеу биологиялық тепе-теңдікті сақтау және үй жануарларын қорғау мақсатында жүзеге асырылатынын жеткізді. Мамандар аталған қадам экологиялық жүйеге зиянын тигізбейтінін, керісінше жануарлар дүниесін тиімді басқаруға мүмкіндік беретінін атап өткен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу