Қазақстанда Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі басталды

2619

Ұлықтау рәсімі Тәуелсіздік сарайында өтіп жатыр.

Қазақстанда Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі басталды

Atameken Business телеарнасы салтанатты рәсімнен тікелей көрсетуді бастады. 
Қазақстан президенттігін сайлауда жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау бүгін болады. "Орталық сайлау комиссиясы  12 маусымды 2019 жылғы 9 маусымда өткен кезектен тыс президент сайлауында сайланған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ант қабылдау күні етіп белгілеуді қаулы етеді", – деп еліміздегі ОСК хабарлаған болатын.          

Сондай-ақ орталық сайлау комиссиясы Тоқаевты президент ретінде тіркеп, оған тиісті куәлік беруге қаулы шығарған.   Қазақстан Президентінің баспасөз-қызметінің хабарынша, ұлықтау рәсімінде шетелдік қонақтар болмайды.

Тәуелсіздік сарайында өтетін ұлықтау рәсімінде   қайта сайланған Қазақстан  Президенті халық алдында ант қабылдайды.    

Осыдан кейін ОСК төрағасы мемлекет басшысына ел Президенті куәлігін табыстайды. Заңнамаға сәйкес, тап осы сәттен бастап қайта сайланған мемлекет басшысы лауазымына кірісті деп есептеледі.   

Бұдан бұрын, 2019 жылдың 19 наурызында Қазақстан Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін доғару туралы мәлім етіп, тиісті жарлыққа қол қойған болатын. ҚР Конститутциясы бойынша ҚР Президентінің өкілеттігі  сол кездегі Парламент сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаевқа көшті.Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы 9 сәуір күні мәлім етті. Сайлауда сайлаушылардың 70,96% дауысын алып, жеңіске жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу