Қазақстанда кей салаларда баға арзандаған

3337

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер төмендеген.   

Қазақстанда кей салаларда баға арзандаған

Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті осы жылдың сегіз айында, яғни 2018 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың тамыз айына дейінгі аралықта азық-түлік тауарлары бағасы  – 6,1%-ға, азық-түлік емес тауарлар бағасы 2,9%-ға көтерілды, ал ақылы қызметтерге 0,6% төмендегенін баспасөз хабарламасында жариялады.

Орталықтан жылыту бағасы– 11%, ыстық су – 10,1%, суық су – 7,8%, кәріз – 7,2%, электр энергиясы – 5,6%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газ – 4,4%, қоқыс шығару 3,6%-ға  төмендеді.

Дереккөз: ҚР Ұлттық экономика министрлігі, статистика комитеті

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 510 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.

2019 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 38,8%, азық–түлік емес тауарлар – 29,8%, ақылы қызметтер 31,4% құрады.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу