Қазақстанда кейбір такси жүргізушілеріне тықыр таянды

238

Бұдан былай қалааралық тасымалдау кезінде жүргізушілер еңбек ету және демалу режимін бақылау құралын міндетті түрде қолдануы керек. 

Қазақстанда кейбір такси жүргізушілеріне тықыр таянды Фото: obltv.ru

Мұндай маңызды жаңалықты Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап ретінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Ішкі істер және Көлік министрліктері 2023-2027 жылдарға арналған бірлескен "Жол картасын" бекітті. 2024 жылы осы карта аясында ІІМ, КМ, "Яндекс. Такси" ЖШС және "Inservice" ЖШС ("inDrive") ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды, – деді Роман Скляр.

Оның сөзінше, құжат оң жақ рөлді автомобильдердің такси қызметтерінен кезең-кезеңімен алып тастауды, жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға ынталандыратын әртүрлі жүйені енгізуді және басқа да мәселелерді қамтып отыр. Қазіргі уақытта бірлескен жұмыс нәтижесінде рөлі оң жақта орналасқан 70 мыңнан аса көлік құралына интернет-платформаларға қолжетімділік шектелген. 

– Сонымен қатар, жолаушылар тасымалы қауіпсіздігінің деңгейін арттыру мақсатында заңнамалық түзетулер дайындалды, – деп қоса кетті ол.

Вице-премьер оны да мысалға келтірді.

Олар: 
– оң жақтағы рөлі ауыстырылған көлік құралдарын такси ретінде пайдалануға тыйым салу;
– қалааралық тасымалдау кезінде жүргізушілердің еңбек ету және демалу режимін бақылау құралдарын міндетті түрде қолдану;
– тасымалдаушылардың заңнама талаптарына сәйкестігін бақылау бойынша интернет-агрегаторларының міндеттерін белгілеу;
– таксидің ақпараттық-диспетчерлік қызметінің жұмысына рұқсат беру тәртібін енгізу.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу