Қазақстанда кемсітушілікке қарсы заңнаманы әзірлеу талқыланды

327

Жұмыс тобының мүшелері биылғы қорытынды отырысқа одан әрі ұсынымдар беру үшін мемлекеттік органдардың ұстанымдарын білдірді.

Қазақстанда кемсітушілікке қарсы заңнаманы әзірлеу талқыланды Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманованың төрағалығымен кемсітушілікке қарсы заңнама мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс-шараға мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам және құқық қорғау ұйымдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінің негізгі тақырыбы нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы халықаралық конвенцияны қоса алғанда, Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау шеңберінде кемсітушілікке қарсы заңнамаларды әзірлеу мәселелері бойынша тұжырымдамалық тәсілдерді талқылау болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу