Қазақстанда кез-келген адам дене мүшелерін сақтандыра ала ма?

934

Елімізде халықтың тек 10 пайызға жуығы ғана өмірін қауіптен, кез келген келеңсіз жағдайдан сақтандырған.

Қазақстанда кез-келген адам дене мүшелерін сақтандыра ала ма? Фото: canva.com

Шетелде әлемдік поп-жұлдыздардың көпшілігі тістерін, бөкселерін, қос анарлары мен шәуеттеріне дейін, тіпті қол-аяқтары мен шаштарына да сақтандырып қояды. Солардың бірі атақты киноактриса Джулия Робертс. Голливуд жұлдызы 30 млн долларға тісін, ал оның әріптесі атақты поп-жұлдыз Дженифер Лопес бөксесін 27 млн долларға сақтандырып қойғаны шындық. Ал футбол жұлдызы Дэвид Бекхэм қос аяғын 70 млн долларға, KISS тобының роккері Джин Симмонс үнемі тілін жалаңдатып ән айтатындықтан, сол тілін 1 млн долларға,  сондай-ақ әнші Дэвид Ли Рот белсенді шәуетін 1 млн долларға сақтандырып қойған. Олардың осы дене мүшелеріне қауіп төніп,сырқатқа шалдықса, сақтандыру компаниялары оларға қыруар қаржы төлейді. Ал біздің елде дене мүшелерін немесе адам өмірін сақтандыратын компаниялар бар ма? Оның анық-қанығын білу үшін "Nomad Life "ӨСК" АҚ баспасөз хатшысы Мұхамед Бағдатұлынан сұхбат алған едік.

Мұхамед Бағдатұлы біздің елде адамдар қол-аяқтарын, дене мүшелерін сақтандыра ала ма?

Бізде Америкадағы, батыс елдеріндегі сияқты дене мүшелерді сақтандыру мәдениеті әлі дамымаған. Қазақстанда сақтандыру компаниялары екіге бөлінеді. Бірі өмірді сақтандыру және жалпы сақтандыру. Жалпы сақтандыруға дүние-мүлік кіреді. Ал егер дене мүшемді сақтандырғым келеді дейтіндер үшін олар жалпы сақтандыруға жүгіне алады. Бізде дене мүшені сақтандыру деген сұранысқа ие емес сала. Сондықтан бұл бізде мүлдем дамымай қалды. Ал егер өміріңізді сақтандырғыңыз келсе, ол ұзақ мерзімді сақтандыруға жатады. Егер кредит алсаңыз ұзақ мерзімге, төлей алмайтын қаупі туындаған жағдайда өміріңізді сақтандырып қойған полисіңіз көмекке келеді. Қайтыс болып кеткен жағдайда ұрпағына ақша қалдыру үшін сақтандыру қызметіне жүгінуге болады. Дегенмен, біз  Димаш Құдайбергенов дауысын сақтандырыпты деген деңгейге жетпедік. Біз әзерге тек білім беру саласын, сосын мекемелер өз қызметкерлерінің өмірін және  көлік пен басқа да дүние-мүліктерді ғана сақтандырумен айналысамыз.

Неге бізде сақтандыру саласы дамымай жатыр ? Халықтың көбі кедей ме әлде ақпарат жетпей жатыр ма?

Ақпарат жетпей жатыр. Елімізде халықтың тек 10 пайызға жуығы ғана өмірін қауіптен, кез келген келеңсіз жағдайдан сақтандырған. Сондықтан, оқыс оқиға салдарынан түрлі дене жарақатын алғанда мұндай адамдардың еміне кеткен шығын толықтай дерлік сақтандыру компаниясы тарапынан төленеді. Ал, халықтың  қалған 90%-ның мемлекетке немесе тек өзінің жеке бюджетіне сенім артуына тура келеді. Көптеген адамдар үшін ұзақ мерзімді міндеттемелерге қарағанда қазіргі  шығындар маңызды.

Өмірді сақтандыру не үшін қажет?

Мысала сіз кенеттен қайтыс болып кетсеңіз немесе денсаулыңыңыз сыр беріп , жұмыс істей алмай қалсаңыз сіздің отбасыңызға сақтандыру мекемесі көмекке келеді. Яғни сіздің есепшотыңыздағы ақшаны және оның үстіне қосылған сыйақыны сіздің артыңызда қалған бала –шағаңызға бөліп береді. Егер жұмысқа жарамай жатсаңыз, оны ай сайын зейнетақы тәрізді де алып отыруға болады.

Сіздерде адам өмірін сақтандыру полисінің бағасы қанша тұрады?

Мәселен "Nomad Life” компаниясында жеке тұлға яғни кез-келген адам айына 75 доллар ақша төлеп отыруы керек. Сөйтіп депозит сияқты есепшот ашады. Депозиттен айырмашылығы, сақтандыру компаниясының сыйақысы жоғары.

Бүгінде өмірді сақтандырудың қандай өнімдері сұранысқа ие?

Өмірді сақтандырудың бірнеше түрі бар, олардың әрқайсысының өзіндік артықшылықтары бар:

  • Жинақтаушы сақтандыру: сақтандыру және қаражат жинақтау комбинациясы. Шарт аяқталғаннан кейін Сіз сақтандыру төлемін ғана емес, сонымен бірге пайызбен жинақталған ақшаны да аласыз. Nomad Life компаниясының "Capital" бағдарламасы жинақтау мен сақтандырудың икемді шарттарын ұсынады.
  • Тәуекелді сақтандыру: төлемдер өлім немесе ауыр сырқат сияқты белгілі бір оқиға болған кезде жасалады.
  • Инвестициялық сақтандыру: пайда табу үшін қаражат салу мүмкіндігі.

Ең қолжетімді және танымал өнімдерге өлім немесе мүгедектік жағдайына қысқа мерзімді полисі кіреді. Мысалы, Nomad Life-тен "Турист" бағдарламасын 1 500 000 теңгеге дейін қамтуды қамтамасыз ете отырып, тәулігіне небәрі 200 теңгеге рәсімдеуге болады.Яғни адамдардың өмірді сақтандыруды таңдауының бірнеше себептері бар:

Экономикалық тұрақсыздық: күтпеген қаржылық қиындықтардан қорғану үшін қажет.

Медициналық қызмет бағасының өсуі: өмірді сақтандыру полисі ауыр сырқаттану жағдайында емдеу шығындарын жабуы мүмкін.

Жақындарының болашағы туралы қамқорлық: полис балаларға немесе басқа жақындарына жоспарларын жүзеге асыру үшін қаражат қалдыруға мүмкіндік береді.

Салықтық жеңілдіктер: Қазақстанда өмірді сақтандыру полисін сатып алу кезінде салықтық жеңілдіктер алуға болады.

Өмірімді сақтандыру үшін сонда ай сайын қанша теңге төлеуім тиіс?

Бізде бір адам бір айға өмірін сақтандырғысы келсе, 75 доллардан басталады.

Бұл кез келген адам үшін өте қымбат баға ғой?

Әр компания баға саясатын өздері қояды. Менің ойымша бұл сақтандыру түрлері үй жайы бар, ақшасы бар адамдарға арналған сияқты. Ал,   үнемі несие төлеп, жалақыдан жалақыға дейін әзер күнелтіп жүрген адамдар үшін өмірді сақтандыру полисі қалтаға салмақ салатыны белгілі.

Ал егер компания жабылып қалса, сақтандыруға салған ақшам жоғалып кетпей ме?

Жоғалмайды. Өйткені Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры жинақтаған ақшаңызды қайтарып береді.

Сонымен адамдардың сақтандыру саласында сауаттылығын жетілдіру үшін қандай кеңес берер едіңіз?

Полисті сатып алмас бұрын, әртүрлі ұсыныстарды мұқият қарап шығыңыз және өзіңіздің  қажеттіліктеріңізге сәйкес келетін өнімді таңдаңыз. Сақтандыру компаниясының мамандарына хабарласыңыз және барлық мәліметтерді нақтылаңыз. Сіздің болашағыңыз бен жақындарыңыздың болашағы оны сенімді қорғаумен қамтамасыз етілуі керек.

Мұхамед, сұхбат бергеніңізге рахмет!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу