Қазақстанда кімдер тісін тегін емдете алады?

Елімізде тіс емдеу қызметі ақылы, МӘМС қызметіне кірмейді. Десек те жекелеген санат өкілдері тісін тегін емдете алады. Олар кімдер? Жауап іздеп көрдік. 

Қазақстанда кімдер тісін тегін емдете алады? Фото: canva.com

Жоспарлы стоматологиялық көмекті 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдер тегін алуына болады.

Жоспарлы көмекке жақтың және тістің рентгенографиясы, пломба салу, ауырсынуды басу арқылы қарапайым және күрделі тісті жұлу кіреді.

Ал шұғыл стоматологиялық көмек мына санаттағыларға тегін көрсетіледі:

  • 18 жасқа дейінгі балалар;
  • жүкті әйелдер; 
  • ҰОС қатысушыларына және оларға теңестірілгендерге;
  • I, II, III, IV топтағы мүгедектерге;
  • "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға;
  •  Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға;
  • Жасы бойынша зейнеткерлерге;
  • Жұқпалы аурулармен ауыратын науқастар.

Шұғыл стоматологиялық көмекті ерекше қажеттіліктері бар балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін қазақстандықтар немесе бала кезінен I топтағы мүгедектер де тегін ала алады.

Азаматтардың жеңілдетілген санаты мемлекеттік емханада немесе лицензиясы бар және міндетті медициналық сақтандыру қорының қатысушысы болып табылатын кез келген стоматологиялық клиникада көмек ала алады.

2021 жылдан бастап мұндай стоматология емханадан жолдамасыз қабылдайды.

Аз қамтылған отбасылардан шыққан 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға тіс-жақ ауытқулары (тістеу ақаулары және жақ микрогнатиясы), туа біткен жақ-бет патологиясы (жоғарғы ерін мен таңдайдың жырықтары) бар балаларға тегін ортодонтиялық көмек көрсетіледі.

МӘМС бойынша пациент жоспарлы немесе шұғыл стоматологиялық қызмет алу үшін емханаға да, жеке клиникаға да жүгіне алады. Клиника тізілімде болуы керек. 

Тіркеушіге қоңырау шалу, дәрігер қабылдауына жазылу және қай клиникаға тіркелгеніңізді хабарлау қажет. Сізді базадан тексереді және шынымен тіркеуде болсаңыз, онда қызметтер тегін көрсетіледі. МӘМС шеңберінде стоматологияға баруға лимит жоқ.

Call center 1414-ке қоңырау шалу арқылы және Qoldau24\7 мобильді қосымшасынан толық ақпарат ала аласыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу