Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қарыз жүктемесінің коэффициентін есептеу ережесіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Борыш жүктемесі коэффициентін есептеу 2024 жылғы 1 сәуірден бастап қоса алғанда 2024 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде жаңа автокөлік құралын сатып алу мақсаттары үшін, осы автокөлік құралының кепілімен қамтамасыз етілген микрокредит берілген кезде жүргізілмейді", – делінген қаулыда.
Қарыз алушының борыш жүктемесі коэффициентінің ең жоғары деңгейін сақтау жөніндегі талап микрокредит 2025 жылғы 1 қаңтардан 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін қоса алған кезеңде:
- пайдалануда болмаған және Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет тіркелетін және микрокредит бойынша кепілді қамтамасыз ету болып табылатын жаңа автокөлік құралын сатып алу мақсаттары үшін;
- бастапқы жарнасы осы автокөлік құралы құнының кемінде 50 (елу) пайызын құрайтын пайдалануда болған және микрокредит бойынша кепілді қамтамасыз ету болып табылатын автокөлік құралын сатып алу мақсаттары үшін;
- бастапқы жарнасы осы автокөлік құралының құнынан кемінде 30 (отыз) пайыз болатын 3 (үш) жылға дейін пайдалануда болған және микрокредит бойынша кепілді қамтамасыз ету болып табылатын автокөлік құралын сатып алу мақсаттары үшін қолданылмайды.
Қаулыға сәйкес, микроқаржы ұйымы кредиттік тәуекелдерді мониторингтеу мақсатында осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген микрокредиттер бойынша қарыз алушының борыш жүктемесінің коэффициентін есептеуді жүзеге асырады.
Салыстырмалы кестеде берілген түсіндірмеге сәйкес, отандық автомобиль өнеркәсібін дамытуды қолдау және ынталандыру, сондай-ақ жеңілдікті автонесиелеу шарттары шеңберінде іске асырылатын автомобильдерді сату мақсатында түзетулер енгізілетіні жазылған.