Қазақстанда көлікті техникалық тексерудің бірыңғай операторы ауысты

3203

Елімізде механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің жаңа операторы бекітілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда көлікті техникалық тексерудің бірыңғай операторы ауысты Фото: canva.com

Көлік министрлігі "ҚазАвтоЖолды" бірыңғай техникалық байқау операторы етіп бекітті.

"Көлік министрінің бұйрығына сәйкес "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ техникалық байқау ақпараттық жүйесінің бірыңғай операторы болып бекітілді. Бүгінгі таңда "ҰАТ" АҚ-дан өкілеттіктерді беру бөлігіндегі іс-шараларды қамтитын Жол картасы әзірленді. Процесс жүріп жатыр", – дейді министрліктің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу