"Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтады"

9825

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі осылай деді. 

"Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтады"

Оның сөзінше, ел бойынша жағдай айтарлықтай жақсарды. Атқарушы билік ахуалды қатаң бақылауда ұстап отыр.

"Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтатылды. Медициналық қауымдастықтың санитарлық-эпидемиологиялық қызметі өзіне жүктелген міндетін толық көлемде орындап жатыр. Еліміз ең күрделі кезеңді артта қалдырды деуге болады, – деді Бағдат Қожахметов.

Ресми өкілдің мәлімдеуінше, азаматтар санитарлық ережелерді қатаң сақтауға тиіс. 

"Жеткен жетістікке қуанып, босаңсуға болмайды. Ендігі міндетіміз – індетті жұқтыру мен өлім-жітімді тоқтату. Осы ретте барша қазақстандықтарға санитарлық ережелерді орындауға шақырамын", – деді денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі. 

Қанат Махамбет 


Telegram каналымызға жазылыңыз! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу