Қазақстанда құрастырылған Hyundai Ресейге сатылады

Артур Мискарян Артур Мискарян
7627

KazakhExport компаниясы Hyundai Trans Auto мен ресейлік дистрибьютор арасындағы мәмілеге қолдау көрсету үшін несие алды. 

Қазақстанда құрастырылған Hyundai Ресейге сатылады

"Астана Моторс" компаниясының құрамына кіретін Hyundai Trans Auto көлік құрастыру кәсіпорны Қазақстанда өндірілген коммерциялық техниканы Ресейге экспорттау жобасын іске асыруда. Жалпы жоба бойынша компания 2017 жылы 500 коммерциялық техника сатуды жоспарлап отыр.

"KazakhExport экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ" ұлттық компаниясы ("Бәйтерек" ҰБХ-ның еншілес ұйымы) мәмілені қолдау үшін жеңілдікпен несие алды. Сбербанктен бір жылға алынған несие сомасы 1,5 млрд теңгені құрады. Қаражат Hyundai маркасының қазақстандық өндірушісі мен ресейлік дистрибьюторы арасындағы мәмілені экспортқа дейінгі қаржыландыруға бағытталмақшы.

"Біз жобаны іске асыруға көмек көрсеткені үшін KazakhExport-қа алғысымызды білдіреміз, ендігі кезекте компаниямыз аталған бағыттағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігін қарастырып отыр", – деді  "Астана Моторс" ҚМК атқарушы директоры Антон Афонин.

"Сбербанк" АҚ ЕБ басқарма төрағасының орынбасары Елдар Теңізбаевтың айтуынша, экспортқа дейінгі қаржыландыру Қазақстанның экспорттаушыларына өнімін тиімді шарттармен жеткізуге мүмкіндік береді.

"Астана Моторс" компаниясы шығарған жүк көліктері Ресейдің көлік нарығында лайықты орын алатынына сенімдіміз. Қазақстандық бизнестің басқа да экспорттық бастамаларына қолдау көрсетуге дайынбыз", – деді Елдар Теңізбаев.

Экспорттау алдындағы қаржыландыру Қазақстандық өндірушіге  өндіру циклы барысында қаражатты жеңілдетілген шарт бойынша алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар KazakhExport отандық өндірушіні шетелдік серіктестің  қаржылық міндетін орындамау жағдайынан сақтандырады. 

"2016 жылдың қазан айында және 2017 жылдың наурызында индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы барысында KazakhExport капиталы 27,9 млрд теңгеге көбейген. Капиталдандыру өнім желісін ұлғайтуға және отандық экспорттаушыларға қолдаудың қосымша құралдарын, нақтырақ айтатын болсақ, экспорт алды қаржыландыруды ұсынуға мүмкіндік береді", – деді "ЭСК KazakhExport" АҚ басқармасының төрағасы Руслан Искаков.

Hyundai коммерциялық техникасын құрау зауыты 2011 жылдың қаңтар айында Алматы облысының Талғар ауданында ашылған. Зауыт "Астана Моторс" КМК құрамына кіреді. Осы жылдың алты айында зауыт ішкі нарыққа 182 техника шығарған. Зауыт жолаушылар автобусын және аз тонналы жүк көліктерін құрастырады.

KazakhExport бұған дейін қазақстандық басқа авто өндірушінің келісімін қаржылай сүйемелдеумен айналысқан болатын. Сәуір айында компания қостанайлық "Сарыарқаавтоөнеркәсіп" пен "Холдинг Азия Групп Тәжікстан" ЖШС арасындағы келісімді сақтандыру сүйемелдеуімен айналысқан. Келісімшарт бойынша, 2018 жылдың соңына дейін Қостанайда құрастырылған 2000 автокөлік Душанбеге жеткізіледі.

Гүлназ Ермағанбетова, Артур Мискарян

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу