Қазақстанда мемлекеттік басқаруға жасанды интеллект енгізу мәселесі талқыланды

124

Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық технологиялар министрлігі мәлім етті.

Қазақстанда мемлекеттік басқаруға жасанды интеллект енгізу мәселесі талқыланды Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жасанды интеллект технологияларын мемлекеттік басқару жүйесі мен нақты секторға жедел енгізу аясында цифрлық вице-министрлер, орталық мемлекеттік органдардың басшыларының орынбасарлары және ұлттық компаниялардың басшылығы қатысқан кездесу өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекеттік процестерде жасанды интеллект технологияларын қолдануға біртұтас тәсілді қалыптастыру, азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ негізгі экономикалық салаларда ИИ-шешімдерді кеңінен қолдануды дамыту кездесудің мақсаты болып табылады.

Кездесуде сала эксперт ретінде әлемге танымал ИИ мамандарының бірі - профессор Ли Кайфу сөз сөйледі. Ол заманауи платформалық шешімдер мен ИИ-агенттер архитектурасын таныстырды, сондай-ақ мемлекеттік басқару мен өндірісте олардың халықаралық тәжірибелік қолдану мысалдарын көрсетті.

Кездесуде ЖИ-шешімдерінің жаңа буыны - агенттік жүйелер де арнайы талқыланды. Бұл жүйелер дұрыс архитектура мен баптау жағдайында күрделі аналитикалық және операциялық тапсырмаларды қысқа мерзімде орындай алады. Мұндай жүйелердің бір-бірімен өзара әрекеті мемлекеттік сектор мен корпоративтік ортадағы процестерді оңтайландыруға қосымша мүмкіндіктер ашатыны атап өтілді.

Алдағы уақытта профессор Ли Кайфудың жетекшілігімен тәжірибелік кейстерді талдауға, ИИ-шешімдерді басқару саласында біліктілікті қалыптастыруға және олардың мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың қызметіне қолдану механизмдерін дамытуға бағытталған оқу сессиялары өткізілетін болады.

Кездесудің өткізілуі цифрлық мемлекеттің жаңа даму кезеңіне көшуге бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі екенін айта кеткен жөн. Мұнда жасанды интеллект басқарудың тиімділігін арттыру, азаматтарға қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін күшейту құралы ретінде қарастырылуда.

Кездесу азаматтарға қызметтердің қолжетімділігін арттыруға, өңірге қарамастан қызметтерді жақсартуға және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға бағытталған келесі даму кезеңіне өтуге ықпал етті.

Айта кетер болсақ, профессор Ли Кайфу - ғалым, инвестор және футуролог, жасанды интеллекттің экономика мен қоғамға әсері тақырыбында жазылған AI Superpowers және AI 2041 халықаралық бестселлерлерінің авторы. Әр жылдары Apple және Microsoft компанияларында басшылық қызмет атқарған, сондай-ақ Google China президенті болған. Сол жерде инженерлік және технологиялық бағыттарды дамытуға қатысқан. Қазіргі уақытта профессор Ли Кайфу Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жасанды интеллектті дамыту жөніндегі кеңестің мүшесі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу