Қазақстанда мұнай-газ саласында 7 жаңа бірлескен кәсіпорын құрылады

384

Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында мәлімдеді.  

Қазақстанда мұнай-газ саласында 7 жаңа бірлескен кәсіпорын құрылады Фото: РИА Новости
Ол мұнай-газ саласындағы жетекші шетелдік өндірушілерді Қазақстанға тарту және өндірісті жергіліктендіру жұмыстарының барысы туралы баяндады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 
 

– Қазіргі таңда мұнай-газ секторында жоғары сұранысқа ие түпнұсқа жабдықтарды өндіретін әлемдік жетекші компаниялармен бірлесіп, жеті жаңа кәсіпорын құру бағытында жұмыс жүргізілуде. Олардың қатарында Германияның Leser, АҚШ-тың John Crane, Baker Hughes, Flowserve, Swagelok, Кореяның Hi Air Korea, сондай-ақ Италияның Breda Energia компаниялары бар, – деді министр.

Оның айтуынша, мұндай өндірістерді жергіліктендіру Қазақстандағы өндірістік әлеуетті арттыруға бағытталған маңызды қадам болып отыр.

Сонымен қатар, министр кейінгі үш жылда осыған ұқсас сегіз бірлескен кәсіпорын іске қосылғанын еске салды.

– 2022–2025 жылдар аралығында Wika (Германия), Honeywell (АҚШ), PetrolValves (Италия), N.Vent (АҚШ), Schlumberger (АҚШ), Euro Circuit Technology (Малайзия), Beruseal (Оңтүстік Африка) сынды компаниялармен және отандық Yeskertkish Kyzmet Kazakhstan компаниясымен әріптестікте сегіз бірлескен жоба жүзеге асырылды. Соның нәтижесінде "Sigma Solutions" ЖШС сияқты кәсіпорындар құрылды. Бұл жобалар Қазақстанға қосылған құны жоғары өнімдер өндірісін жолға қоюға және салалық құзыреттілікті арттыруға мүмкіндік берді, – деді Ерлан Ақкенженов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу