Қазақстанда мұнай тазартатын реагенттер шығарыла бастайды

Виктория Вольская Виктория Вольская
2571

Батыс Қазақстан облысында Қазақстан, Иран, Канадаға ортақ "QazChem" мұнай-химиялық кəсіпорын салынып жатыр.

Қазақстанда мұнай тазартатын реагенттер шығарыла бастайды

Батыс Қазақстан облысының əкімдігінде Қазақстан, Иран, Канадаға ортақ жаңа  "QazChem" мұнай-химиялық компаниясы таныстырылды. Компания Қазақстан жəне өзге елдердің мұнай-газ секторына қазақстандық өндірістің мұнай кəсіпшілік химиясын өндірумен айналыспақ.
Үш мемлекетке ортақ кəсіпорындағы инвесторлардың үлесі бірдей: Қазақстан, Иран, Канада тарапына 33%-дан келеді. Кəсіпорын Оралдың өнеркəсіптік аймағында салынып жатыр.
"Бұл Қазақстан аумағындағы арнайы химия өндірісі жөніндегі тұңғыш кəсіпорын. Өнім Қазақстанның ішкі нарығына жəне Орталық шығыс жəне өзге елдерге шығарылуы мүмкін. Алғашқы инвестиция - екі млрд теңге, зауыттың жалпы қуаты - жылына бес мың тонна арнайы химия. Бірінші жылы бір жарым млрд теңге табыс табамыз деп жоспарлап отырмыз, ал одан кейінгі жылдары үш млрд теңгеге жетеміз",  - деп мəлімдеді "QazChem" компаниясының атқарушы директоры Алиреза Сайед Хосейни.

"Біз шикі мұнайды тазартатын арнайы химиядан бастамақпыз, су тазарту бағытын дамыту жоспарда бар, өндірістің одан арғы бағытын нарықтың сұранысына қарай көре жатармыз", - деді ирандық инвестор Мұхаммед Əли Хоснари.

"Жақын арада компанияның жанынан мұнайды тауарлық қалыпқа дейін келтіріп, тасымалдау үшін  реагенттер синтездейтін цех салынады. Су жəне мұнай негізді технологиялық ерітінді өндіретін цехтың инжиригілік жұмыстары аяқталды, резервуарлық парк, сақтау қоймалары, химиялық зертхана жəне өзге нысандар жобаланып қойды", - деп мəлім етті "QazChem" компаниясының дамыту жөніндегі директоры Ғайса Жұмалиев.

Кəсіпорында  50-ден астам жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Əйгерім Сүлейменова, Виктория Вольская

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу