Қазақстанда Олимпиада күні аталып өтті

997

Олимпиада күні эстафетасын Қазақстанның барлық өңірлері қабылдады.  

Қазақстанда Олимпиада күні аталып өтті Фото: ҰОК

Бүкіл әлемде 23 маусым күні Халықаралық олимпиада күні аталып өтіледі. Тарихи күнді Халықаралық Олимпиада комитеті 1948 жылы бекітті, содан бері мереке жаһандық олимпиада қозғалысының басты оқиғасына айналды. Биыл Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің мерекені тойлау дәстүріне 30 жыл толды. 

1987 жылдан бері Олимпиада күні еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін күллі адамзатты біріктіруші айтулы оқиға. Әлемнің 150-ден астам Ұлттық Олимпиада комитеттері (ҰОК) жыл сайын ұйымдастыратын шарағы ортақ үйіміздің түкпір-түкпірінен 3,5 миллионға жуық адам қатысады. Олимпиада күні - "Спорт бәріміз үшін" қозғалысының символы.

Алматыда ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің қолдауымен педалі жоқ велосипедтерінен қала Чемпионаты өткізілді. Оған 2 жастан 6 жасқа дейінгі барлығы 70-тен астам бала қатысты. Тепе-теңдік велосипедтері бойынша Чемпионаттың әрбір қатысушысы ҚР ХОК және ҰОК-тан арнайы сыйлықтар мен сертификаттар алды. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері жеке марапатталды. 

Халықаралық Олимпиада күніне орай Ұлттық Олимпиада комитеті Францияның Қазақстандағы елшілігімен бірлесіп, Франция олимпиада құрамасының мүшесі, брейк-данс бойынша екі дүркін әлем чемпионы Лил Кевтің қатысуымен Алматы-Париж 2024 Summer Funky Summit іс-шарасын өткізді. Келген қонақтар үшін брейк-данстан шеберлік сағаттары өтіп, баттлдар ұйымдастырылды.

Халықаралық Олимпиада күнінің басты оқиғасы елордада өтті. 23 маусымда ҚР ҰОК бастамасымен Астанада Триатлон паркінде каратэ мен таэквондо әдістері көрсетіліп, жарыстар ұйымдастырылды.

Олимпиада күнінің арқасында балалар жаңа спорт түрлері туралы біліп, өздерінің пір тұтар қаһармандарымен – атақты қазақстандық спортшылармен, спорт чемпиондарымен, Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерімен кездеседі.

Барлық іс-шараларды белгілі қазақстандық спортшылар-олимпиадашылар – Серік Сәпиев, Василий Левит, Мерей Ақшалов қолдады. Олар шеберлік сағаттарын өткізіп, жас спортшыларды болашақ жетістіктерге шабыттандырып, тәжірибелерімен бөлісті. 

ҚР ҰОК олимпиадалық қозғалыс дәстүрлерін еш ұмытқан емес. Себебі "Дені саудың, жаны сау". Алайда спорт – тек қана жан мен тәннің саулығы емес, бейбітшілікті, білім беруді, гендерлік теңдік пен тұрақты дамуды нығайту үшін біріктіруші күшке ие.

Олимпиада күнін ұйымдастыруда ҚР ҰОК серіктестері "Туризм және спорт саласын қолдау қоры" мен "Тойота Мотор Қазақстан" болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу