Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Ресейдің мұнайы елімізде өңделуі мүмкін бе деген сауалға пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Журналистер "Ресейдің мұнайы Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарында өңделетін бола ма? Ертең санкцияға ұшырамаймыз ба?" деп сұрады.
Ерлан Ақкенженов Батыс Қазақстанда "Конденсат" атты шағын мұнай өңдеу зауыты бар екенін айтты.
"Қателеспесем, оның 50 пайызы ресейлік компанияға тиесілі. Біз Ресейдің Энергетика министрлігінен осы мұнай өңдеу зауытын Ресей мұнайымен жүктеуге қатысты ресми хат алдық. Мен ешқандай кедергілерді көріп тұрған жоқпын. Себебі өндірілетін бензин мен дизель отынының 30%-ы Қазақстанда қалады, қалғаны Ресей Федерациясына барады. Осындай келісімге келдік. Менің түсінгенімше, ешқандай санкциялар жоқ", – деді министр Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.
Ведомство басшысы ол компания санкция тізімінде жоқ екенін жеткізді.