Қазақстанда ресейліктердің қатысуымен 20 мыңнан аса компания жұмыс істейді

236

Бұл туралы Мемлекет басшысы Оралда өткен "Жұмысшы мамандықтары – экономикалық өсімнің қозғаушы күші" форумында айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда ресейліктердің қатысуымен 20 мыңнан аса компания жұмыс істейді Фото: Ақорда

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресей өңіраралық форумына бейнебайланыс арқылы қатысты.

омақты көрсеткіштерден өзара ынтымақтастық деңгейі қаншалықты жоғары екенін аңғаруға болады. Біз мұнымен тоқтамай, үнемі алға ұмтылып, сауда және инвестиция көлемін ұлғайта беруге тиіспіз деп санаймын", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейді Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық және инвестициялық серіктесі деп атады.

Негізгі көрсеткіштер:

  • 2024 жылдың қортындысы бойынша тауар айналымы шамамен 28 миллиард долларды, ал биылғы 8 айда 17 миллиард доллардан асты.
  • Міндет – екіжақты сауда көлемін 30 миллиард долларға дейін жеткізу.
  • Ресейден Қазақстан экономикасына құйылған тікелей инвестиция көлемі 27 миллиард доллардан асты.
  • 2024 жылы Ресейдің салған капитал көлемі рекордтық 4 миллиард долларға дейін өсіп, еліміздің ірі инвесторына айналды.
  • Қазақстанның Ресейге құйған инвестициясы да артып, 15 жылда шамамен 9 миллиард долларға жетті.
  • Қазақстанда ресейліктердің қатысуымен 20 мыңнан аса компания жұмыс істейді Бұл – елімізде қызмет ететін шетелдік капиталы бар кәсіпорындардың жартысына жуығы.
  • 175 бірлескен жоба жүзеге асырылуда.
  • Тараптар іскерлік байланыстардың жоғары деңгейін одан әрі қолдауға және бизнес жүргізуге қажетті жағдай жасауға уағдаласты.
  • Осы мақсатта Экономикалық ынтымақтастықтың 2030 жылға дейінгі кешенді бағдарламасы қабылданды.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу