Қазақстанда салық есептілігін кері қайтарып алуға уақытша мүмкіндік берілді

307

Жаңа Салық кодексінде салық есептілігін қайтарып алу нормасы алынып тасталған.

Қазақстанда салық есептілігін кері қайтарып алуға уақытша мүмкіндік берілді Фото: Pixabay.com

Мемлекеттік кірістер комитеті таңдалған салық салу режиміне уақытылы көшуді қамтамасыз ету мақсатында салық есептілігін кері қайтарып алуға салықтық өтініш берудің уақытша мүмкіндігін беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл өтініш ескі және жаңа СТК-де 2026 жылғы 01 наурызға дейін, яғни өтпелі кезең ішінде қолжетімді болады. 

"Бұл ретте, салық есептілігінің нысандары олар берілген ақпараттық жүйеде кері қайтарып алынуға жататынына назар аударамыз. Жаңа СТК–де салық есептілігінің нысаны ұсынылған жағдайда, салық өтінішті кері қайтарып алуға толтыру және ұсыну да жаңа СТК-де жүзеге асырылуы тиіс. Егер салық есептілігінің нысаны ескі СТК-де ұсынылған жағдайда, кері қайтарып алуға өтініш ескі СТК-де берілуі керек", – деп хабарлады комитет.

Сондай-ақ, салық есептілігінің нысанын қайтарып алу мүмкіндігіне қатысты норма жаңа Салық кодексіне сәйкес алынып тасталғаны да айтылған. Бұл функцияны салық салу режимін уақытылы таңдау, сондай-ақ дара кәсіпкердің қызметін тоқтату мақсатында ғана пайдалану қажет. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу