Қазақстанда салынатын тұңғыш АЭС құрылысы 10 жылға созылуы мүмкін

Алғашқы атом электр станциясы 2035-2036 жылдары пайдалануға берілуі ықтимал.  

Қазақстанда салынатын тұңғыш АЭС құрылысы 10 жылға созылуы мүмкін Фото: rosatom.ru

Қазіргі уақытта жобаның нақты құны белгісіз болып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, Атом энергиясы жөніндегі агенттік АЭС-ті жобалау мен пайдалануға беру үдерісі әлемдік тәжірибеге сай шамамен 10-12 жылға созылатынын мәлімдеген. Демек, құрылыс 2035-2036 жылдары аяқталуы керек.

Агенттік "жобаның нақты құны туралы сөз қозғауға әлі ерте" деп отыр. Өйткені, аталған соманы есептеу кезінде бірқатар фактор қатаң ескерілуі қажет.

Олар:

  • Құрылыс алаңындағы метеорологиялық және сейсмологиялық жағдайлар;
  • Жабдықтардың бір бөлігі халықаралық өндірушілерден алынуы мүмкін;
  • Құрылысқа жергілікті өнімдер мен материалдарды пайдалану үлесі;
  • Білікті мамандар мен құрылыс ұйымдарының қолжетімділігі;
  • Логистика, қаржы және қосымша шығындар.

Бұған дейін Қазақстандағы ең алғашқы АЭС-ті кім салатыны белгілі болса, екінші АЭС-ті қытайлықтар тұрғызатыны нақтыланды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу