Қазақстанда "Шешім журналистикасының зертханасы" жобасы іске қосылды

Оны Ұлыбритания үкіметінің қаржылық қолдауымен "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры жүзеге асырады. 

Қазақстанда "Шешім журналистикасының зертханасы" жобасы іске қосылды Фото: freepik

"Шешім журналистикасының зертханасы" Қазақстандағы және одан тыс жерлердегі оң өзгерістерге ықпал ететін қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп қана қоймай, сонымен қатар олардың шешімін табуға бағытталған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Атап айтқанда, оған қатысу үшін кемінде 50 журналист іріктеліп, техникалық, қаржылық, құқықтық және тәлімгерлік қолдау алады. Аймақтардағы қазақтілді журналистерге терең зерттеулер жүргізіп, проблемаларды толық зерделеу үшін ерекше назар аударылады.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, жобаның мақсаты – экономика және климаттың өзгеруі саласындағы маңызды тақырыптар туралы объективті ақпарат тарату, журналистік зерттеуге ынталандыру. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай есептер үкімет пен жергілікті атқарушы органдарды сөз жүзінде емес, іс жүзінде әрекет етуге ынталандырады. Бұл да қазақстандық БАҚ-тың дамуына, оқырмандар мен көрермендердің көбеюіне ықпал етуде.

Осы ретте Atameken Business холдингі мен "Әділ сөз" меморандумға қол қойды, оның аясында медиахолдинг журналистері "Шешім журналистикасының зертханасына" қатысады. Atameken Business журналистері салмақты тақырыптарға қалам тербейтінін ескерсек, бұл заңдылық. Біздің журналистер өз материалдарында проблемаларды көтеріп қана қоймай, оларды шешудің ықтимал жолдарын да зерттейді.

Жалпы, шешім журналистикасы – салыстырмалы түрде журналистиканың жаңа озық жанры, бірақ БАҚ өзекті мәселелерді көтеріп қана қоймай, оларды шешу жолдарын айтқан кезде қоғамдағы коммуникацияның өңі өзгеретінін басқа елдердің тәжірибесі дәлелдеп берді. Халық өзара айыптаудан конструктивті диалогқа көшеді және бірлесіп әрекет етудің арқасында мәселенің тиімді шешімін тауып, оны жүзеге асырады. Бұл оларға үміт сыйлап қана қоймай, бәрін өзгертуге болатынын анық көрсетеді.

Шешім журналистикасының негізгі элементтеріне: мәселені зерттеу, оны шешу және кейбір жағдайларда оң тәжірибе көрсету, оның тиімділігі бойынша дәлелдер ұсыну, табылған шешімдерді қолдануға кедергі келтіретін шектеулерді талқылау және т.б. жатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу