Іс-шара барысында өткен жылды қорытындылап, 2024 жылы жоғары жетістіктерге жеткен және бұл спорт түрінің дамуына айтарлықтай үлес қосқан спортшылар, бапкерлер мен төрешілер марапатталады.
Бұл туралы Ұлттық Олимпиадалық комитет мәлімдеді.
"Мұстафа Өзтүрік жүлдесі" жыл сайын берілетін марапатқа айналады. Ол тек қазақстандық таеквондоның үздік өкілдерінің жетістіктерін атап қана қоймай, елімізде бұл спорттың дамуына үлкен үлес қосқан ұлы шебердің есімін мәңгі есте сақтауға мүмкіндік береді", – деп жазылған мәліметте.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу