Қазақстанда темекі өнімдерін таңбалау басталады

Фархат Әміренов Фархат Әміренов
3239

Одан кейінгі кезек дәрі-дәрмек пен аяқ киім өнімдеріне жетпек.

Қазақстанда темекі өнімдерін таңбалау басталады

Елімізде темекі өнімдерін таңбалау бойынша пилоттық жоба қолға алынбақ. Оны қыркүйек айына дейін жүзеге асыру көзделіп отыр. Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаевтың айтуынша, пилоттық жобадан кейін темекі өнімдерін таңбалау міндетті процеске айналатын болады.

"Сонымен қатар, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, салалық қауымдастықтармен бірлесіп, басқа да тауарларды таңбалау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Дәлірек айтсақ, дәрі-дәрмек, аяқ киім өнімдерін таңбалау жоспарлануда. Атап өтерлігі, тауар өндірушілердің өздері осыған бейілді болып отыр. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы тауаларын таңбалау бойынша жұмыстар жүргізілуде", – деді кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысына қатысқан Руслан Еңсебаев.

Вице-министрдің сөзінше, тауарларды таңбалаудың тиімді тұсы өте көп.

"Бұл процесс мемлекетке де, бизнеске де, тұтынушыға да пайдалы. Кәсіпкерлер адал бәсекелестікке қол жеткізеді. Заңсыз тауар тасымалдайтын жосықсыз бәсекелестерін нарықтан ығыстырып шығарады. Бұл бастаманы кәсіпкерлердің көтеруі де сондықтан. Сондай-ақ таңбалау арқылы тұтынушылардың денсаулығын сақтап, құқықтарын қорғауға жол ашылады", – дейді қаржы вице-министрі.

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздегі тері өнімдері толықтай таңбаланған болатын. 

Руслан Еңсебаевтың сөзінше, тауарлардың барлық түрі таңбалауға жатпайды. Тек, адам денсаулығына зиян келтіретін, сондай-ақ "көлеңкелі экономикадағы" үлесі жоғары тауарлар ғана таңбаланады.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу